Есте жоқ ескі заман жылнамаларынан жиі кездесетін Жанкент қаласы Сырдың төменгі ағысындағы ірі экономикалық және саяси орталық болғаны анық. Көне түркі тілінде Янгикент, араб зерттеушілері әл-Карьят әл-Хадиса, парсы жылнамашылары Дих-и-нау деп таңбалаған шаһар атауының аудармасы жаңа қала дегенді білдіретін еді. Egemen Kazakhstan
NEWS
27.06.2025